RU
Толық нұсқаға өту

Үкіметте экомәдениет қалыптастыру мәселесі қаралды

04.02.2026, 13:40 461

Былтыр «Таза Қазақстан» акциясы аясында 844 мың тонна қалдық жиналып, 3 млн-ға тарта ағаш отырғызылды. Экологиялық науқанға 6,9 млн адам қатысқан.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Премьер-министр жаңа Конституция жобасында жоғары экологиялық мәдениет пен табиғатқа жанашырлықпен қарау қағидаттарын бекітудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауда цифрлық технологияларды қолдану мәселелесі талқыланды. Мәселен, табиғи ресурстар саласында Tabigat.gov.kz. интерактивті карта іске қосылды. Ал қалдықтарды басқаруда EcoQolday цифрлық платформасы жұмыс істеп тұр. Оған қоса қазір орман өртін ерте анықтау жүйесі енгізіліп жатыр. Ал су тасқыны жағдайын болжау үшін «Қазгидромет» деректерімен интеграцияланған Tasqyn жүйесі бар. Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин ғарыштық мониторинг арқылы былтыр 3 мыңнан астам заңсыз қалдықтар жиналатын орын мен мыңнан астам қоқыс полигоны тіркелгенін баяндады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz