RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда жас матростардың жақындары теңізшілердің өмірімен танысты

04.02.2026, 17:22 1269

Ақтаудағы еліміздің жауынгерлік кемелері шоғырланған әскери айлақта танымдық кездесу өтті.

Жас матростардың жақындары зәкірде тұрған кеме бортына кіріп, теңізшілердің өмірімен танысты. Олардың күнделікті қызметінен хабардар болып, каюталарды аралап көрді. Су көлігінің ас бөлмесінде, яғни камбузда теңізші тамағынан дәм татты. Борттағы қару-жарақты тамашалаған соң әскери бөлім командирімен еркін пікір алмасты. Айта кетсек, елімізде былтыр әскерге шақырту алған 400-ге жуық жас әскери флотта борышын өтеп жатыр. 

Ақзер Жәймұхамедова, матростың анасы:

- Бүгін енді корабльді көрдік. Іші жақсы, жататын жерін көрдік. Таза. Тамақтары да жақсы. Баламды көріп, көңілім басылып әйтеуір. Көзбен көріп, құшағыма алған басқа бір бөлек сезім.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz