Талдықорғанда 21 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты.
Сотталушылар қатарында Алматы және Жетісу облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының және әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері бар. Олар шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан. Яғни ақпараттық жүйеге бастапқы тіркеу алымы төленді, деп көрсетіп жалған мәлімет енгізген. Осылайша күдіктілер 1385 техниканы рәсімдеген. Салдарынан мемлекетке 9 млрд теңге шығын келтірілді. 270 томнан тұратын іс 4 ай бойы тергеп тексерілді.
Бақыт Ермаханов, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:
- 2 жылдан 12 жыл аралығындағы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа және барынша төмен мекемелерінде өтейтін болады. Бүгінгі таңда үкім заңды күшіне енбеген.
Тегтер #Талдықорған #ұйымдасқан топ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz