RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында 31 отбасы баспаналы болды

04.02.2026, 20:10 256

Бұл жолы жаңа пәтерге Бурабай, Зеренді және Сандықтау ауданының тұрғындары қол жеткізді.

Қоныс тойын тойлағандардың қатарында көп балалы аналар, зейнеткерлер мен әлеуметтік аз қамтылған жанұялар бар. 

Сандықтаулық тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Себебі олар көптен күткен баспанаға қол жеткізді. Бұл ауданда мемлекеттік бағдарлама аясында салынған екінші тұрғын үй кешені. 

Каролина Дегоева, Балкашино ауылының тұрғыны:

- Баспана кезегінде 3 жыл тұрдым. Міне бүгін көптен күткен үйімді алып жатырмын. Үйіміз өте жайлы, жарық. Мектеп пен аурухананың жанында орналасқан. Балаларымыз үшін де өте ыңғайлы болды.

Зеренді мен Бурабай тұрғындарының да көңілі көтеріңкі. Олар 22 пәтердің кілтін алды.

Досұлан Айтбаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Қазақта жақсы сөз бар ғой «баспана – бақыт кілті» деген.  Жалпы, баспанамен тұрғындарды қамтамасыз ету мемлекет басшысының ұстанған әлеуметтік саладағы саясатының басым бағыттарының бірі десек болады. Себебі, осы тұрғын үймен қамтамасыз ету өңіріміз бойынша жаппай жүйелі түрде жүргізіліп жатқан жұмыстың бірі. Оның ішінде көпбалалы аналар, әлеуметтік мұқтаж жандар, мүгедектер солардың барлығын осы санаттарды қамтамасыз ететіндіктен жалпы облысымыз бойынша кезекте тұрғандың үлес салмағы едәуір азайды.

Жалпы аймақта былтыр 7 мыңға жуық отбасы жаңа қонысқа ие болды. Бұл мемлекеттік қолдау мен «реновация» бағдарламасының нәтижесі. Ал биыл 26 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, 1300-ден астам отбасы баспаналы болмақ. Бұдан бөлек жергілікті бюджет есебінен бір мың жаңа пәтер сатып алынады.

Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz