RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

ШҚО-да полицейлер жоғалған қарт әйелді іздеп тапты

05.02.2026, 13:00 237

ШҚО-да полицейлер жоғалған қарт әйелді іздеп тапты, деп хабарлайды 24KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

3 ақпан күні сағат 20:30 шамасында «102» арнасына Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің 84 жастағы тұрғынының жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Туыстарының айтуынша, 3 ақпан күні сағат 14:30 шамасында әйел адам үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Анасының жоқтығына алаңдаған ұлы полицияға жүгінген. Кезекші инспекторлар ақпаратты дереу Ұлан аудандық полиция бөліміне жолдаған.

Жоғалған адамның жасын ескере отырып, полицейлер жедел іздестіру шараларына кірісті. Іздеу жұмыстарына Ұлан аудандық ПБ қызметкерлері жұмылдырылып, барлық кезекші қызметтер мен жасақтарға бағдарламалар жіберілді. Үйлесімді іс-қимылдардың нәтижесінде шамамен екі сағаттан соң қарт әйел Өскемен қаласының аумағынан табылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, ол туыстарына аман-есен тапсырылды. Полиция  әсіресе қарт адамдар жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарласу, іздеу жұмыстарын айтарлықтай тездететінін ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz