RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарлық тұрғын полиция қызметкеріне алғыс білдірді

05.02.2026, 15:35 226

Павлодарда тұрғын полиция қызметкеріне алғыс білдірді, - деп хабарлайды 24KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің жұмысына берілген оң пікірлер – өңірдегі құқықтық тәртіпті күн сайын қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлер еңбегінің көрсеткіші. Павлодар облысы ПД басшылығының атына Павлодар қаласының тұрғыны Александра Лашковадан кезекті алғыс хат келіп түсті. Ол Павлодар қаласы ПБ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі Жандарбек Ахметовке ризашылығын білдірген.

– Жақында мен интернет-алаяқтыққа тап болдым. Павлодар қалалық полиция басқармасының киберполиция бөліміне жүгіндім. Құқық қорғау қызметкерінің кәсібилігінің арқасында менің мәселем жедел түрде шешімін тапты. Еңбегіңіз үшін рахмет, – деп жазылған хабарламада.

– Біз алдағы уақытта да жүктелген міндеттерді сапалы орындау үшін бар күш-жігерімізді саламыз, қол жеткізілген нәтижелерді сақтап, одан әрі арттыра түсеміз, – деп атап өтті полицей. Павлодар облысының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды тағы да ескертеді: тым төмен бағаларға және тегін жеткізу уәделеріне сенбеңіздер – бұл интернет-алаяқтардың айласы болуы мүмкін. Тек мұқият болған жағдайда ғана алаяқтардың құрбаны болу қаупін алдын алуға болады.


Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz