RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында бағусыз мал бақылауға алынды

05.02.2026, 17:50 245

Атырауда қараусыз жайылған мал иелеріне талап күшейді. Былтыр бағусыз жүрген малдардың кесірінен 32 жол көлік оқиғасы тіркелді.

Соның салдарынан 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, 1 жолаушы қаза тапқан. Осыған орай арнайы рейд ұйымдастырылып, бағусыз жүрген малдар есепке алынды. 35 адамға ескерту жасалды. Сондай-ақ қаңтар айының 22-31 аралығында полиция қызметкерлері 450-дей автокөлік пен 95 сауда нүктесін тексерді. Нәтижесінде 9 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 базарда малдың құжатсыз сатылғаны анықталды.

Абай Жұмабаев, облыстық Криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Жалпы ұрлықтар, соның ішінде мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу масқатында облыс аумағындағы криминиагендік жағдайдың өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, мал ұрлығының алдын алу бойынша тиісті профилактикалық шаралар жүргізілуде. Облыс тұрғындары мен мал иелерін ескертеміз, ауыл шаруашылығы жануарларын ұйымдастырылған түрде бағылмауы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408 бабына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz