RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституциядағы әйелдер құқығы талқыланды

05.02.2026, 19:40 266

Конституция жобасына әйелдер қауымының көзқарасы қандай? Жаңа Ата заңда қыз-келіншектердің құқығы қаншалықты қорғалады?

Бүгін Астанада «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының бастамасымен ауқымды жиын өтті. Оған Мәжіліс депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, ғылым, білім, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік салада елеулі еңбек етіп жүрген азаматтар қатысты. Сарапшылар қоғамдық-саяси өмірге әйелдердің белсене араласуына ерекше мән берді. Сондай-ақ құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету, цифрлық ортада жеке деректерді қорғау және отбасы құндылықтары мен өңірлердің дамуы сынды өзекті тақырыптар да талқыға түсті.

Айман Әшімова, Жамбыл облыстық Мәслихатының депутаты:

- Бұл жерде ең ұнағаны неке ұғымына үлкен жауапкершілікпен қарап жатыр, яғни неке деген бұл мемлекеттік тіркеуден өткен, сонымен қатар ерікті әйел мен ерлі-зауыптылардың арасындағы одақ деп көрсетіліп жатыр, яғни бұл ұғым біздің болашағымыз үшін ерлі-зайыптылар мен балалардың қауіпсіздігі үшін өте үлкен жауапкершілікпен қаралған заң.

Жанат Омарбекова, Қазақстан мүгедектер конфедерациясы қоғамдық бірлестігінің президенті:

- Біз Конституцияда инклюзивті мәселелер қалай қаралып жатыр, қандай қағидалары бар, инклюзивті қоғам құруына қандай үлесі болады? деп аймақтардан сұрақтар келіп жатыр. Былай алып қарасақ, негізгі принциптері қаралған. Ол теңдік, ұлтқа қарамай, денсаулығына қарамай кемсітпеу.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz