RU
Толық нұсқаға өту

Қаратауда бәйшешек гүлдеді

05.02.2026, 20:45 261

Елдің бірқатар өңірінде қыс қытымыр мінезін танытып жатқанда, оңтүстікте қар ерте еріп, күн жылып бәйшешек гүлдеді.

Қазір Қаратау ұлттық қорығының аумағында көктемнің жаршысы саналатын бәйшешек гүлін көптеп кездестіруге болады. Табиғаттың әсем көрінісін қорық қызметкерлері Бір-есек сайында таспаға түсіріп алды. Мамандардың айтуына қарағанда, қар ерісімен бүр жарған гүлдер табиғаттың ерте оянғанын білдіреді. Сонымен қатар қорық аумағында Грейг қызғалдағы да жылдағыдан ерте бүр жарған. Мамандар бұл құбылысты қыстың жылы болуымен, температуралық режимнің ауытқуымен байланыстырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz