Ойыл мен Қобда көктемде арнасынан асуы мүмкін.
Ақтөбе облысында тасқынның алдын алу жұмыстары жүріп жатыр.
Мамандар қардың қалыңдығы мен тоңның тереңдігін күнде өлшейді. Сосын су қоймаларындағы мұзды жаруға кірскен.
Былтыр облыста көктемгі су тасқынының алдын алу үшін, жүзден астам инженерлік нысан салынды. 2 жыл бұрын қарғын су қиратып кеткен Тамды өзеніндегі өткелдің орнына үлкен көпір тұрғызылды. Бір шақырымға жуық жағасы бекітілді. Елді мекендердің айналасына бөгеттер салынып, арықтар қазылды.
Әлішер Сарыбаев, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
- Облыс аумағында өзен арналарында мұзды әлсірету мақсатында жарылыс жұмыстарын өткізу жоспарланған. Жарылыс жұмыстары аудандар бойынша Ойыл, Үлкен Қобда, Шолақ өзендерінде жоспарланған.
Қазір тоңның қалыңдығы 120 см-ге жуық. Күзде жауын-шашын аз болғандықтан тоң биыл тез жібуі тиіс, дейді мамандар. Желтоқсан мен қаңтарда жауған қар да мөлшерден аспады. Дегенмен, синоптиктер Қобда және Ырғыз өзендерін жіті бақылап отыр.
Галина Станкевич, инженер-гидролог:
- Қобда мен Әйтеке би аудандарында қауіп деңгейі жоғары. Ырғыз өзенінің жоғарғы тұсы, Қарабұтақ пен Темірбек Жүргенов ауылдары жатады. Су тасқынынан Мұғалжар ауданы, Шиелі, Ақтөбе қаласы маңындағы Ақтасты өзендерінде қауіп деңгейі төмен. Ал Мәртөк ауданындағы Орта Бөрте өзенінен қауіп жоқ.
Төтенше жағдайлар департаменті көктемгі су тасқынының алдын алуға 2 мыңнан астам адам, 881 көлік пен жүзден астам қайық дайындады. Инертті материалдар мен жағармай, азық-түлік қоры жасақталды.
Мансұр Есқожин, тілші:
- Әдетте Ақтөбе облысында ақпан және наурыз айларында қар қалың түседі. Синоптиктер бұл үрдіс биыл да қайталануы ықтимал дейді. Сондықтан көктемгі су тасқынына қатысты нақты болжам наурыз айының алғашқы он күнінде белгілі болады.
Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов
Тегтер #Ақтөбе облысы #су тасқыны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz