RU
Толық нұсқаға өту

Биыл солтүстікке үш мыңнан астам адам қоныс аудара алады

06.02.2026, 09:33 226

Биыл Солтүстік Қазақстан өңіріне 3 мыңнан аса адам қоныс аудара алады.

Оның ішінде шетелден келетін ағайын да бар. Өңірге көш түзеуге ниет білдірген әр адамға мемлекет тарапынан бір жолғы жәрдемақы мен үй сатып алуға «Экономикалық ұтқырлық сертификаты» беріледі. Қазір оның көлемі 7 млн теңгеге дейін ұлғайды. Сонымен қатар көшіп келген отбасыға бизнес бастауға қайтарымсыз грант қарастырылған. «Көшіп келген отбасылар нарықтағы кадр тапшылығы мәселен шешуге оң ықпал етеді», - дейді мамандар. Өйткені Солтүстік Қазақстан облысында әлі күнге дейін білім беру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларына адам жетіспейді. 

Нұрлан Биболаев, облыстық еңбек мобильдігі орталығының директоры:

- Көш-қон бағдарламасымен келген адамдарға тұрғын үй сатып алатын қаражаттың сомасы 7 млн теңге болды. Егер де 2025 жылы жартылай көшіп келген адам өз қаражатын салатын. Жартысын мемлекет беретін. Биылғы жылы түгелдей сол 7 млн теңгеден аса ақша тұрғын үй сатып алуға мемлекеттен беріледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz