Шығыс Қазақстан облысында заң талаптарын өрескел бұзған құрылыс компанияларына жалпы сомасы 180 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды.
Бұл туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілдері мәлімдеді. Тексеру барысында облыс орталығында бірнеше көп қабатты тұрғын үй тиісті рұқсат құжаттарынсыз салынғаны анықталған. Сонымен қатар кейбір құрылыс компаниялары сараптамалық қорытындыларды белгіленген мерзімнен кеш рәсімдеген. Бұдан бөлек екі ірі компания заңсыз түрде үлескерлерді тартып, алдын ала төлем ретінде шамамен 2 миллиард теңге көлемінде қаражат жинаған. Қазіргі таңда аталған ұйымдар қатаң бақылауға алынды. Жауапты органдардың мәліметінше, құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлерді жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Самат Қайырдинов, ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бастығының орынбасары:
- 2026 жылы жеке тұрғын үй кешендерін салу монитрингі жүргізіледі. Мониторинг есебімен бізде Өскемен қаласында бүгінгі таңда 36 жеке тұрғын үй кешені салынып жатыр. Екі проблемалық обьект бар. Құрылыс жұмыстарын аяқтау бүгінгі күні облыс әкімшілігімен қатаң бақылауда.
Тегтер #ШҚО #құрылыс компаниялары #айыппұл #Заң мен тәртіп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz