RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді қалыптастырады

06.02.2026, 17:15 245

Жаңа Конституцияның жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім және ұзақмерзімді серіктестікті қалыптастырады.

Премьер-министр «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңындағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңесте осылай деді. Олжас Бектенов бизнесті дамыту – Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Кәсіпкерлік – экономикалық реформалар жүргізуде басты серіктес және бұл жұмыста «Атамекен» палатасының рөлі маңызды, - деді ол.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Жаңа Конституциясының жобасы халыққа ұсынылды, басты мақсат – Егемендігімізді, Тәуелсіздікті нығайту. Президенттің де ойы, ниеті, мақсаты тек осы ғана. Елдің барлық өңірлерінің бизнес өкілдері қатысып отыр. Барлықтарыңызды Президентімізді, жаңа Конституцияны қолдауға шақырамын. Бәріміз бір ел, бір жұдырықтай болып Президентімізді, жаңа Конституцияны қолдайық. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz