Қоғам талқысына түскен жаңа Конституция жобасындағы негізгі бағыттардың бірі – елдің тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтау.
Ол - ата заңның 4 бірдей бабында жазылған. Бұл туралы Мәжіліс депутаттары мен Алматының Қоғамдық кеңес мүшелерінің кездесуінде айтылды. Жиында демократиялық институттарды одан әрі дамыту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселесі де талқыланды. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы кері байланысты арттырудағы Халық Кеңесінің мақсат-мүддесі де сөз болды. Қазақстанның Халық Кеңесі елдегі ең жоғары консультативтік орган мәртебесіне ие болады. Кеңес құрамын 126 адамнан қалыптастыру ұсынылды.
Ермұрат Бапи, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Негізгі сипаты қазіргі жағдайда ең бірінші кезекте еліміздің тұтастығын сақтау, Тәуелсіздікті нығайту, қамту төңірегінде. Конституицияның ішінде 4 бірдей бапта біздің Тәуелсіздікке, тұтастыққа қатысты, елдің бірлігіне қатысты талаптар жазылған. Осы төңірегінде әңгіме болды.
Қайыржан Әбдіхалықов, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі:
- Барлығымыз да азаматтық қоғам өкіліміз. Егер бізден біреу Халық Кеңесіне ілінсе, Халық Кеңесінде енді заң беруші нормасы болады деп ойлаймын. Сондықтан халық үшін, азаматтық қоғам үшін Қоғамдық кеңестің мүшелерінің болуы өте маңызды, деп ойлаймын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #конституциялық реформа #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz