RU
Толық нұсқаға өту

Конституция мақсаты – Тәуелсіздікті қорғау

06.02.2026, 21:30 299

Қоғамдық талқыға түскен жаңа Конституция жобасының барлық 11 бөлімінің ортақ мақсаты – қазақ елінің тәуелсіздігін қорғау.

Бұл туралы Алматыда Мәжіліс депутаттарымен кездескен жазушылар айтты. Қаламгерлердің пікірінше, 95 бап, 320 тармақтың мүддесі ортақ болуы тиіс. Зиялы қауым өкілдері мен Конституция реформасы жөніндегі комиссия мүшелері құжаттың негізгі бағыттарын талқылады. Жаңа Конституция жобасындағы қоғам мен шығармашылық қауымдастыққа қатысты нормалар сөз болды. Сонымен қатар азаматтық институттардың рөлі жөнінде, пікір мен ұсыныстар айтылды.

Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Айтылып жатқан ұсыныстардың бәрі орынды, қоғамдық талқылаулар ашық жүріп жатыр. Сондықтан алдағы уақытта бір ортақ шешімге келеміз деп ойлаймын. Негізінен зиялы қауымның өтініш, талап-тілегі – Тәуелсіздікті табанды түрде қорғауға бағытталуы керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz