RU
Толық нұсқаға өту

Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын талқылады

06.02.2026, 21:40 373

Кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері қатысқан жиында қауымдастықтың төрағасы әрі Конституциялық комиссия мүшесі, Сатыбалды Дәулеталин құжатта «еңбек бостандығы» сөзі, «еңбек құқығы» болып өзгертілгенін айтты.

Яғни бұрын еңбек етушінің таңдау еркіндігі болса, енді сол таңдау қорғалып, әділ жүзеге асуы заңды бекітілмек. Жаңа жобада еңбек адамының құқығы мен әлеуметтік қорғалуына да басымдық берілген. Енді федерация өкілдері «лайықты» еңбекке құқығы бар деген норма енгізуді ұсынып отыр.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі:

- Лайықты еңбек деген сөз, ең бірінші лайықты еңбекақы. Лайықты еңбек ақы дегеніміз қазіргі алатын жалақымыз тек қана өзімізді ғана қамтамасыз ету емес, жалпы отбасымыздың мүшелерін қамтамасыз етуге, лайықты өмір сүруге, абыройын алға бастыратын тірлік деп ойлаймын. Екінші, лайықты еңбек қауіпсіздігі. Таңертен жұмысқа кеткен адам, кешке аман-есен үйіне қайтуы керек. Біздің ұстанымыз осы. Бұл да бір лайықты еңбек қағидаттарының бірі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz