Жаңа Ата заң жобасы алдымен қазақ тілінде жазылып, кейін орыс тіліне аударылды.
Бұған дейін заң мәтіндерінде тіл нормаларына қатысты бірқатар олқылықтар болған. Бұл жолы құжат мемлекеттік тіл талаптарына толық сай дайындалды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаттары Қосшы қаласында құқық қорғау органдары академиясының курсанттармен өткен кездесуде айтты. Жиында халық қалаулылары Ата заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндіріп, негізгі баптардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ құжатта адами капиталды дамыту басты мақсат ретінде белгіленіп, білім, ғылым және инновация салаларына басымдық берілгені айтылды. Болашақ құқық қорғау саласының мамандары үшін «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту, «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыру және «Ұлтқа қызмет ету» ұстанымын іске асыру мәселелеріне, ерекше назар аударылды.
Екатерина Смолякова, ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаты:
- Конституцияның негізгі қағидаттарының бірі заң мен тәртіп қағидаты. Яғни заң бар жерде тәртіп болады. Тәртіп бар жерде заң сақталады деп ойлаймын. Академияның курсанттары күнделікті өмірін заңға, тәртіпке арнайды. Адамдармен жұмыс істейтін болғаннан кейін осы оқу орнының студенттеріне, білім алушыларына бұл өте маңызды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #конституция #Заң мен тәртіп #қазақ тіліPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz