«Жаңа Конституция жобасы – қоғамның сұранысына негізделген ұзақ әрі мұқият сараптамалық жұмыстың нәтижесі», - дейді қарағандылық зиялы қауым өкілдері.
Ата Заңға енгізілген өзгерістер елдің тұтас дамуына, өңірлердің өмір сүру сапасын жақсартуға оң серпін береді деген үмітте. Олардың пікірінше, жаңа нормалар адам құқықтарын қорғауға, ғылым мен білімді, мәдениетті, экономиканы дамытуға, жергілікті өзін-өзі басқару жұмысын жүйелі жүргізуге негіз болады.
- Ең алдымен, біздің мына Конституциямыздың Преамбуласындағы өзгерістер, ол өздеріңізге белгілі 1995 жылы қабылданған Конституцияның Преамбуласымен қазіргі Преамбуланы салыстыратын болсақ, арасында өте үлкен айырмашылықтар бар. Мен ғалым ретінде, ұстаз ретінде, ең алдымен айтатыным осы біздің Конституциямыздың бас кіріспесінде білімге, ғылымға және мәдениетке үлкен орын бөлетіндігі таңбадай басылып айтылып кетті.
Әрине ол экономика, жаңағы саяси жағы, әлеуметтік жағы олардың барлығы күшейтілген. Жаңа енгізілген нәрселер өте көп Конституцияға енгізілген. Сондықтан екінші мәселе менің ойымша қазір енді біз осының барлығын халыққа айтып түсіндіресміз, жеткізіп.
Бүкіл еліміздің зиялы қауымы, жаңағы білім ордалары, заңгерлер осы Конституцияны егжей-тегжейлі қарап, заңға сәйкес, әлемдік дамудың үрдісіне қарай осындай Конституцияны жаңартып, жаңа редакциясын басып шығаруға осындай шешім қабылданған. Біз де өз заңымызды халықаралық шарттар бар ғой, халықаралық заңдар бар.
Тегтер #Жаңа Конституция #жоба #сараптамалық жұмысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz