«Атырау – Доссор» тасжолы 4 жолаққа дейін кеңейтіледі. Құрылыс биыл басталады. Республикалық маңыздағы трассада жол апаты жиілеп кетті.
Былтыр 43 жол-көлік оқиғасы болып, 24 адам көз жұмды. Жыл басынан бері 2 ірі апат тіркелді. Сондықтан жолды кеңейту жобасы жасалды. Жауаптылардың айтуына қарағанда, жол салу жұмыстары 3 жылға созылады. Әзірге жоба құны 140 млрд теңге деп бекітілді. Нарықтағы бағаға қарай өзгеріс болуы мүмкін. Алдағы уақытта «Доссор – Құлсары» бағытындағы жолды да кеңейту жоспары бар.
Ардақ Қайреденов, «ҚазАвтоЖол» ҰК облыстық филиалының директоры:
- Ақпанның аяғы, наурыз айында мердігер мекеме анықталады. Қазір жобалау жүріп жатыр. Содан 3 жылдың ішінде құрылыс-монтаж жұмысы бітеді. Сол мердігер мекеме өз тарапынан күтіп-ұстау жұмыстарын 7 жыл атқарады. Ұзындығы Атыраудан Доссор кентіне дейін 86 шақырым.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #атыраудоссор #тасжолPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz