RU
Толық нұсқаға өту

Ұлытау облысында «Ауыл аманаты» жобасына ₸1,2 млрд бөлінді

08.02.2026, 23:00 270

Биыл Ұлытау облысында 60-тан астам шаруа жеңілдетілген несие алып, кәсібін кеңейтеді.

Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республика бюджетінен 1,2 млрд теңге бөлінді. Қазір өтінім қабылдау жүріп жатыр. Мемлекеттік жобаға қатысушылардың дені несиені мал басын көбейтуге сұрап отыр. Дегенмен негізгі басымдық өсімдік шаруашылығы және өңдеу саласындағы жобаларға беріледі, - дейді мамандар. Өңірде бағдарлама бойынша кейінгі үш жылда 3,5 млрд теңгеге 600-ден астам жоба қолдау тапты.

Нұрғиса Мырзабек, Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- 61 шағын несиенің ішінде 11 несие ауылшаруашылық-өндірістік кооперативтеріне берілетін болады. Қазіргі таңда ауылшаруашылық-өндірістік кооперативтеріне берілетін максималды қаржы 34 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар биылғы жылы өңірімізде алғаш рет «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылшаруашылық техникасын лизингке беру жобасы іске қосылатын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz