Былтыр бос тұрған судья лауазымдарының орны екі еседен аса қысқарды.
Бұл туралы Жоғарғы сот кеңесінің кезекті отырысында мәлім болды. Кеңес былтыр сот жүйесінің қажеттіліктерін ескере отырып, белгіленген кестеден тыс 10 облыстық және оларға теңестірілген соттарда 13 судья лауазымына конкурс жариялаған еді. Сондай-ақ біліктілік емтихандарының өту мерзімі 1 жыл 6 айдан үш айға дейін қысқартылды. Кадр резервіне қатысты талаптарды күшейту және санын оңтайландыру нәтижесінде 42 судья тағайындалды. Бұдан бөлек отырыста түрлі негіздер бойынша 17 судьяны қызметінен босату ұсынылды.
Тегтер #судья #Жоғарғы Сот #24KZ #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz