RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция жобасы: алматылықтардың пікірі

09.02.2026, 13:12 298

Елде ұсынылып отырған жаңа конституциялық жоба қоғамда кең талқыланып жатыр.

- Құрылтай деген сөз менің ойымша жалпы қазаққа ондай алыс сөз емес. Таңсық, өз ата-бабаларымыз кезінде жаңағы Құрылтай деп айтқан осындай жиындарды. Қазір енді менің ойымша сол Құрылтай деген біздің парламенттің аналогы деп ойлаймын. Енді ауыстырса, ауыстырғанына қарсы емеспін, бірақ аты ауысқанымен негізгі заты ауыспаса болды.

- Депутаттар санының қысқарғаны да дұрыс. Енді Құрылтай деп ауыстырғанын өзім онша түсінбедім енді. Мүмкін дұрыс шығар.

- Вице президент ол бізге жаңалық емес қой негізінде. Жаңалық емес ол, осы тоқсан алтыншы жылға шейін ба, бәлкім қателесем енді даталарға. Бірақ ол болған мансап ешқандай не жоқ, жаңағыдай ол жаңа саяси өмір, жаңа мемлекеттік басқару құрылымының жаңа бір этапқа өзгеруі.

- Біз енді Қазақстан халқы болған соң біздің қолымызда көп нәрсе тұр ғой негізінде. Мен былай айта алмай әрине. Қайсы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін тарих соңынан айтады дейді ғой негізінде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz