RU
Толық нұсқаға өту

Энергетика тапшылығын жоюға бағытталған жоспар таныстырылды

09.02.2026, 17:34 145

Энергетика министрлігі 2030 жылға дейінгі көмір генерациясын дамыту бойынша Ұлттық жоспарды таныстырды. 

Жобаның бастапқы құны 8 трлн теңгеден аспақ. Мақсат – елдегі энергия тапшылығын жойып, ескірген стансаларды қайта қалпына келтіру. Жоспарға сәйкес Екібастұз, Курчатов, Көкшетау, Семей, Өскемен және Жезқазған қалаларында алты ірі энергетикалық нысан бой көтереді. Бұл мақсатта инвесторлар тендер арқылы таңдап алынып, қолданыстағы стансаларды жаңарту үшін министрлікпен инвестициялық келісімдер жасалады. Бұл жобаны іске асыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз етеді деп болжанып отыр. Басты назар «таза көмір» негізіндегі нысандарға және заманауи технологияларды қолдануға аударылмақ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz