Таразда екі баласын 5-ші қабаттан лақтырып жіберген 36 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қайғылы оқиға Төле би көшесіндегі жатақханалардың бірінде болған. Көршілерінің айтуынша, келіншек күйеуімен жанжалдасып қалған. Артынша оған ерегісіп, бес жастағы қызы мен үш жасар ұлын терезеден лақтырып жіберген. Кейін өзі де секірмек болғанымен, соңғы сәтте тоқтап қалыпты. Жерге оңбай түсіп, ауыр жарақат алған бүлдіршіндер қазір облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың аяқтары мен жақ сүйектері сынып, миларына зақым келген.
Мәулім Кенжалы, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері:
- Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты түрде ауыр. Аяқ жарақатын алған қыз бойынша бүгінге операция жоспарланып отыр. Репозиция сал сүйегінің жабық репозициясы және металлостиосинтез. Екінші бала бойынша ақпарат, бас миының жарақаты және денесінің бетінің көптеген сырылу жарақаттары бар.
Тегтер #Тараз #Заң мен тәртіп #қылмыстық ісPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz