Батыс Қазақстан облысында көтерме саудамен айналысатын 9 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды.
Олар халық күнделікті тұтынатын азық-түлікті негізсіз қымбаттатқан. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті рейд жүргізіп, заңбұзушылықты анықтады. Мысалы, картоптың келісі 7 есе, пияз 3, қарақұмық жармасының бағасы 2 есе өскен. Тауықтың сан еті 93%, жұмыртқа 54%-ке қымбаттаған. «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңнамаға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне үстеме баға 15%-дан аспауы тиіс.
Лаура Оразғалиева, Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі:
- Азық-түлік тауарларын мемлекеттік мекемелерге жеткізу кезінде де сауда үстемесінің арттырылғаны анықталды. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу аясында жасалған алты келісімшарт бұзылды. Ағымдағы жылы конкурс жариялау кезеңінде облыстың жеті мекемесі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алу барысында шамамен 9,8 млн теңге үнемдеді.
Тегтер #Заң мен тәртіп #кәсіпкерлер #азық түлік #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz