RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция жобасы қоғам назарындағы басты тақырыпқа айналды

09.02.2026, 20:14 152

Халықаралық заңгерлер қауымдастығының өкілдері мен отандық сарапшылар, сондай-ақ ғалымдар қатысқан дөңгелек үстелде негізгі заңның мазмұны жан-жақты қарастырылды. 

Жиында жаңа құжаттың мазмұны заман талабына сай әзірленгені айтылды. Бұған дейін тек қағаз жүзінде ғана көрініс тапқан бірқатар қағидаттардың енді конституциялық деңгейде бекітілуі елдің құқықтық негізін одан әрі нығайта түспек. Сарапшылар: «Бұл құжат халықтың әл-ауқатын арттыруға және азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне тікелей араласуына кең мүмкіндік беретін маңызды тетікке айналуы тиіс», - деді. Мамандар Конституцияға енгізілетін кез келген өзгеріс пен толықтыру тек бүкілхалықтық референдум арқылы, яғни халықтың ортақ ерік-жігеріне сүйене отырып қабылдануы қажет екенін ерекше атап өтті.

Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

- Халықаралық салада жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар мына жаңа Конституцияны қолдап жатыр. Қазіргі конституцияда еңбек құқығы деген тура жазылмаған. Ал қазір еңбек құқығы беріледі дегенде онда мемлекет жұмыс тауып береді деген. Конституциядағы өзгерістердің арасында әлеуметтік салаларға тәуелсіздік беріп жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz