Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жиында ұйым төрайымы мен мүшелері мәлімдеді.
Шараға бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, медиа саласының сарапшылары мен ардагер журналистер қатысты. Тақырып «Конституциялық реформа – 2026: сөз бостандығы, ақпарат үшін жауапкершілік және жеке деректерді қорғау» деп аталады.
Сөз бостандығы – демократиялық мемлекеттің негізгі құндылығы. Жаңа Конституцияда ол бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігімен бірге нақты кепілдендірілуі тиіс. Осылай деген қоғамдық бірлестік төрайымы, сенатор Бибігүл Жексенбай БАҚ өкілдерінің ой-пікірі мен ұсыныстарын тыңдады. Қатысушылар жеке өмірге қол сұқпау, дербес деректерді заңсыз жинау, манипуляция секілді бірқатар мәселені көтерді. Дөңгелек үстелге Оңтүстік, Солтүстік, Атырау, Қызылорда облыстары және Алматы облысы мен Алматы қаласының медиа басшылары да онлайн қатысып өз ұсыныстарын білдірді.
Айна Задабек, «Qazcontent» Ақ Басқарма Төрайымы:
- Қазіргі уақытта біз көріп отырмыз, әлеуметтік желілердің көбеюі, одан кейін бір күндік хайп қуған түрлі сайттың пайда болуы осының барлығы жалпы біздегі дәстүрлі журналистиканың мәртебесіне, беделіне, абыройына үлкен бір нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан Конституцияда жаңа өзгерістер болған жағдайда адамдардың, азаматтардың оның намысына нұқсан келтірмейтін және де жауапкершілікті журналистің әрбір сол ақпарат иесінің жауапкершілігін жоғарылататын дүниелердің қажеттілігі осы ата заңның бекітілгені өте орынды болады.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz