Маңғыстауда жасанды зерде арқылы құқықбұзушылықты жедел анықтайтын жүйе жұмыс істеп тұр. Оның көмегімен полицейлер соңғы бес айда 14 күдіктіні ұстады.
Тағы 500-ден астам адамның заңға қайшы әрекеті Ақтаудағы жедел басқару орталығына келіп түскен. Цифрлық платформа көшені бақылау құралының бейнежазбасын тіркеп, талдау жүргізеді. Іздеудегі адамның бет-әлпетін бірден танып, сол мезет құқыққорғаушыларға белгі береді. Қазір облыс бойынша 24 мың бейнекамера осы платформаға жалғанып, 300-і жасанды интеллектпен қамтылған. Биылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен мектептерде бейнебақылау жүйесін жедел басқару орталығына қосу қолға алынды.
Серік Әшірбеков, ПД бастығының орынбасары:
- Білім басқармасымен және облыстық цифрландыру бойынша басқармамен бірлесе мектеп қабырғасында антибуллинг жүйесін енгізу жоспарлануда. Ол жүйе мектептегі төбелестердің және балаларды кемсіту жағынан оқыс оқиғалардың барлығын реттеп, сол бейнені талдап соның арасындағы назар аударатын жайттар бізге, жедел басқару орталығына хабарлама келіп түседі.
Тегтер #жасанды интеллект жылы #Заң мен тәртіп #МаңғыстауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz