Черногориядан алаяқтық жасағаны үшін күдікті экстрадицияланды.
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросы Қазақстанның Черногориядағы Елшілігінің көмегімен түрік азаматын құрықтады. Ол аса ірі көлемде қаражат ұрлағаны үшін айыпталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Тергеу барысында аталған жеке тұлға құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2022-2024 жылдар аралығында жалған келісімшарттар жасап, үлестес ұйымдар арқылы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына арналған 6 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Тегтер #Черногория #жымқыру #күдікті #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz