RU
Толық нұсқаға өту

Дүйсенбі – Ұлттық киім күні

09.02.2026, 23:39 240

Сәтбаев әкімдігінің қызметкерлері әр дүйсенбіде жұмысқа ұлттық киіммен келеді.  

Яғни классикалық форманы қазақы нақыштағы үлгіге алмастырады. Қыз-келіншектер қамзол мен бешпет, ал ерлер шапан киеді. «Бұл бір реттік акция немесе мереке қарсаңындағы челлендж емес, мақсатымыз – Ұлттық киімді күнделікті өмір салтына айналдыру», - дейді олар. Игі бастама Президенттің Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында ұлттық киімді кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмасына орай қолға алынды. 

Дархан Мұхан, қала әкімінің орынбасары:

- Мемлекеттік қызметші тікелей халықпен жұмыс істейді. Оның алдына адамдар келеді, мемлекеттік қызметші өзі елдің алдына шығады. Сол себептен мемлекеттік қызметшілердің осы ұлттық киімді киіп жүруі, насихаттауы, оның әсері қоғамға ықпалы да ерекше болады деп санаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz