Елде 1200-ден астам елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл жыл сайын маусымдық бақылауда болатын аумақтар.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, табиғи апаттың алдын алу үшін былтыр бірқатар шара қабылданған. Соның ішінде 1130 шақырым арық тазартылып, 170 шақырымға жуық өзен-көлдің түбі қазылды. Тасқын кезінде ауылдардың жолын су шайып, көлік қатынасы жиі үзіліп жатады. Сондықтан кіреберіс жолдарға мыңға жуық құбыр салынған. Бұған қоса жаңа бөгеттер пайда болды.
Бексұлтан-Әли Рахымбаев, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің бас маманы:
- 330 шақырым бөгет жаңадан салынды. Көп жағдайда тұрғындармен жасалады. Бірақ соған қарамастан қауіп туындаған кезде өзінің рөлін толыққанды болмаса да, судың шаюына және басуына бөгет жасайтын бірден-бір құрал болып есептеледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #су тасқыны #ТЖМ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz