Жетісу облысындағы «Алтынемел» ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарлар саны өсті.
Қазір ерекше қорғалатын аумақта үш жарым мыңнан астам құлан бар. Ал қарақұйрық саны алты мыңнан асты. Мамандар жыл сайын санақ жүргізеді. Бұл үшін арнайы 14 техника жұмыс істейді. Сондай-ақ мұнда қызыл кітапқа енген тауешкі мен арқардың да өсімі байқалады. GPS қосымшасының арқасында қар барысының тіршілік ету ортасы да анықталған.
Қуат Байтұрбаев, «Алтынемел» МҰТП директоры:
- Таудың етегінен бастап Ілеге дейін «охват» жасаймыз. Сол бойынша санақ жүргіземіз. Былтырғы санақ пен биылғы санақты салыстырып, қанша басқа көбейгені белгілі болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жетісу #АлтынемелPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz