RU
Толық нұсқаға өту

Алматыға келген туристер адаспайды

10.02.2026, 10:30 233

Оңтүстік Кореялықтар Алматыға келсе адаспайды. Сол елдегі Ансан қаласының тұрғыны Ирина Тян туристерге арнап цифрлық көмекші әзірледі.

Жасанды интеллектке негізделген жүйе жол көрсетеді, қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану орындарын дәл тауып береді. Автордың айтуынша, сервисті жасауға өзі саяхаттағанда кездескен қиындықтар себеп болған. Ал туристік агенттік Иринаның сауалына тек бір жарым айдан кейін ғана жауап берген. Қосымша тек  кореялықтар үшін ғана емес, ағылшын тілінде де қызмет көрсететіндіктен оны кез келген адам пайдалана алады. Қазір бұл жүйе базасында Алматының жүзге жуық қонақ үйі мен мейрамханасы көрсетілген. Автор алда такси шақыру және Қазақстанның өзге қалаларындағы қонақ үйлерді брондау қызметін де қоспақ.   

Ирина Тян, стартап негізін қалаушы:

- Біз Қазақстанның даму әлеуеті зор екенін көріп отырмыз, өйткені мәліметтер бойынша, қазір дәл Қазақстанға, оның ішінде Алматы облысына баратын туристер қарасы өте көп. Мысалы, мен зерттеу жүргізген кезде коронавирустан кейін саяхатшылар санының бірнеше есе артқанын байқадым. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz