RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығы құрылады

10.02.2026, 16:42 237

Оқу бағдарламалары мен стандарттары жаңарып үлгіргенше, мамандықтар өзгеріп кетіп жатыр.

Президент осы мәселеге назар аударып, IT-мамандардың санын көбейту мен цифрлық дағдыларды үйрету жеткіліксіз екенін мәлімдеді. Айтуынша, маман даярлау ісі жасанды интеллекті мен жаңа технологияларды игеру қарқынына ілесе алмай отыр. Ал елімізге нейрожеліні кез келген салада ұршықша иіретін кәсібилер қажет. Олар нақты жұмыс орындарындағы еңбек өнімділігін арттырады. Осыған орай Үкіметке Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығын құру тапсырылды. Оны мемлекеттік емес компаниялардың консорциумы басқарады. Өз кезегінде Үкімет ережелерді айқындап, ашықтық пен сұранысты қамтамасыз етуге, тиімді шешімдерді жаппай таратуға көмектеседі. Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев саладағы қаржыны текке шашпай, жүйелі жұмсау үдерісін жалғастыруды міндеттеді. Балабақшадан бастап университеттерге дейінгі барлық деңгейде мемлекеттік қаржыландырудың тиімділігін түбегейлі арттыруға баса мән беру міндеттелді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz