Президент автокөлік қозғалысын реттейтін цифрлық платформа әзірлеуді тапсырды.
Жоба жаңа жылға дейін іске қосылуы тиіс. "Ең алдымен, жолдың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер шешімін табуға тиіс",- деді Мемелкет басшысы. Президент «Қарағанды - Жезқазған», «Орталық - Батыс», «Ақтөбе - Ұлғайсын» бағытындағы жолдың және Қызылорда, Сарыағаш, Рудный қалаларының сыртындағы айналма жолдың құрылысына ерекше тоқталды. Сондай-ақ былтыр 9 шекарадағы өткізу бекеттерінің жаңғыртылғанын атап өтті. Келесі жылдың соңына дейін тағы 33 бекет толық жөндеуден өтеді.
Цитата: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
"Цифрлық тәсілдер және жасанды интеллектінің көмегімен кедендік рәсімдерді оңтайландыру керек. Бірақ бақылау да әлсіреп кетпеуге тиіс. Еліміздің және көрші мемлекеттердің ақпараттық жүйелерін өзара байланыстыру керек. Мен Жолдауымда жүк тасымалын басқаратын «Smart Cargo» цифрлық платформасын, сондай-ақ кеден рәсімдерін жасайтын «Keden» жүйесін енгізуді тапсырдым. Қазір осы жүйелер пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Барлық мекеменің ақпараттық жүйесін өзара кіріктіріп, бұл платформалардың толық іске қосылуын тездету керек. Осылайша, біртұтас интеллектуалды көлік экожүйесі қалыптасады".
Тегтер #Президент Жолдауы #көлік қозғалысы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz