RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда «Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын талқылады

10.02.2026, 17:35 277

Қарағандыда «Ауыл» партиясы арнайы кеңейтілген отырысын өткізді.

Конституциялық реформа еліміздің болашаққа бағытын айқындайтын тарихи қадам. Өңірлерді аралап, жаңа Ата заң жобасын түсіндіру жұмысымен айналысып жүрген партия мүшелерінің пікірі осындай.  Жаңа жоба- қоғамның сұранысына негізделген ұзақ әрі мұқият сараптамалық жұмыстың нәтижесі. Құжатта енгізілген өзгерістер елдің тұтас дамуына, өңірлердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Жиынға қатысуышылардың пікірінше, жаңа нормалар адам құқықтарын қорғауға, ғылым мен білімді, мәдениетті, экономиканы дамытуға, жергілікті өзін-өзі басқару жұмысын жүйелі жүргізуге негіз болады.

Марат Түсіпов, қалалық мәслихат депутаты:

- Негізі кезіндегі дүниелер, 1993 пен 1995 жылғы Конституцияның айырмашылығын білесіздер. 1995 жылы өзінің автократиялық жүйесін күшейту үшін, яғни көп зат сол автократияның маңайында болған. Ал қазіргі уақыттағы енді кішкене заманға сай жаңашылдықпен келіп жатыр. Уақыт орнында тұрып жатқан жоқ қой. Біз заманға сай болуымыз керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz