RU
Толық нұсқаға өту

Әскери кафедралардағы оқыту сапасы талқыланды

10.02.2026, 17:42 242

Жаһандық сын-қатерлер кезеңінде елдің қорғаныс әлеуетін арттыруға басымдық берілуі тиіс.

Бұл ретте оқу орындарындағы әскери кафедраларлардың жұмысы заман талабына бейімделуі керек. Бұл мәселе Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы барысында кеңінен талқыланды. Сәкен Сейфуллин атындағы Аграрлық университетте өткен жиында әскери кафедралардың оқу бағдарламаларын жетілдіру тетіктері сөз етілді. Атап айтқанда, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару, инженерлік техника жүйелерін оқу процесіне енгізу жайы қозғалды. Жалпы бүгінде елімізде 46 әскери кафедра жұмыс істейді. Олар жыл сайын резервтегі 10 мыңға жуық офицер мен сержантты даярлап шығарады.  Комитет мүшелері студенттердің әскери-патриоттық тәрбиесін күшейту, оқу сапасын арттыру және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Біз енді жалпы комитеттің жоспары негізінде әртүрлі жерге барамыз. Мысалы, мына қорғаныс министрлігене қарасты оқу орындарына , сонымен қатар әскери жасақтарына барамыз. Өйткені мысалғы әлімжеттілік міселесі болған кезде өзіміз барып, көзбен көрдік. Әскерилермен кездестік, жағдайын көрдік, ендң бңзде оқу орындарында сержанттарды, кіші офицерлерді қалай дайындайды, оларға қандай жағдай жасалған, оны көзімізбен көріп отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz