RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда цифрландыру қарқыны артады

10.02.2026, 19:00 268

Жасанды интеллект цифрландыру саясатының өзегі болуы тиіс.

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент осылай деді. Мемлекет басшысы бұған дейін де жауаптыларға алдағы 3 жылда Қазақстанды толықтай цифпық елге айналдыруды тапсырған еді. Бүгінгі келелі жиында Президент бұл бағытта тағы қандай пәрмен берді.  

Цифрландыру - ел үшін стратегиялық маңызы бар іс. Ол кез келген салада артық шығындарды қысқартып, әкімшілік кедергілерді жояды. Президент бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деген болатын.

Елде цифрлық мемлекет құруға талпыныс бар. Дегенмен  жетілдіретін тұстары да жетілікті. Мемлекет басшысының айтуынша, әсіресе мемлекеттік қызмет базаларын кіріктіруде шикілік көп. Өйткені ведомстволардың бәрі цифрландырумен өз бетінше айналысып келген. Бұл техникалық проблемаларды көбейтіп қоймай, қазына қаржысын оңды-солды шашуға әкеп соқты. Сондықтан Үкіметке Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттінімен, сондай-ақ Ұлттық банкмен жыл соңына дейін мемлекеттік мәліметтерді басқарудың біртұтас жүйесін құруды тапсырды. Бұл өзгеріс QazTech платформасының негізінде жасалуға тиіс деді Президент.

Шолпан Сайымова, парламентаризм институтының орталық басшысы, PHD докторы:

- Еліміз үлкен тиянақтылықпенен, үлкен жауапкершілікпен ЖИ мәселелерін, цифрландыру мәселелерін қолға алып отыр. Оның негізгі мақсаты, біздің өмірімізді, мемлекеттік басқаруда оңтайландыру процесстерін үлкен үжеріске әкелу. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні басқару мәселесі бүгінгі отырыста та Президент түйіндеп кетті. Бұл заң тұрғысынан да, цифрландыру кодексі тұрғысынан да айқындап кетуге болады.

Енді елде жеке тұлғалардың дербес деректерінің қорғалуына айрықша назар аударылады. Өйткені онлайн-алаяқтық,  жасанды интеллектіні қылмыс құралы ретінде пайдалану бүгінде әлем бойынша қалыпты жағдайға айналды. Осы себепті Президент Үкіметке тиісті мекемелермен бірге киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың деректерін қорғау мәселесін кешенді түрде мұқият саралауды тапсырды. Әрі цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін конституциялық деңгейде бекіту керектігін тағы бір мәрте еске салды.

Президент сөзі: 

- Біз Қаржылық мониторинг агенттігі мен басқа да құқық қорғау органдарын жұмылдырып, киберқылмыспен және алаяқтықпен күресу үшін нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Ұлттық антифрод-орталығы 90 мың азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды. Үкіметке тиісті мекемелермен бірге киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың деректерін қорғау мәселесін кешенді түрде мұқият саралап, қарауды тапсырамын.

Әлеуметтік саланы цифрландыру да өте маңызды. Қазіргі таңда республикалық бюджеттің 40 пайызы осы салаға жұмсалады. Алайда қаржының қаншалықты тиімді жұмсалатыны жайлы сұрақ туады. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жиында жүктеген тағы бір маңызды міндет осыған қатысты. Яғни Үкімет жақын арада үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруы қажет. Бұл әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға тағайындауға септеспек. Оған сәйкес, қаржылай төлемақыдан бастап, азық-түлік, дәрі-дәрмек, білім алуға берілетін ваучерлерге секілді мемлекеттік қолдау түрлері бір тетіктен, яғни «Әлеуметтік әмиян» арқылы іске асады. 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА = РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ 40%

                                 Әлеуметтік цифрлық профиль: 

Қаржылай төлемақы, азық-түлік, дәрі-дәрмек, білім алуға берілетін ваучерлер т.б  "ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН" арқылы беріледі 

Сұлтан Сағынов, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті басқармасының басшысы:

- Әлеуметік әмиянның бірінші  мақсаты: препискаларды жою. Бір адамның бірнеше жерден табыс табуын жою. Әлеуметтік әмиянда есеп жүргізіледі. Яғни тарихы қалады. Тек мұқтаж адамдарға беріледі. 

- Әлеуметтік әмиянға 2026 жылы 10 мемлекеттік қолдау шарасын көрсету жоспарланып отыр. Ол қосымша білім беру, мектепке дейінгі білім беру салапарын қамтитын болады. Және лагерлерге путевка беру. Және коллеждерде тегін тамақ пен жатақханаларда орын беру қамтылады. 

Бұл тәжірибені енгізуге Үкімет әкімдіктермен бірлесе күш салады.  Мемлекет басшысы ол үшін жауаптыларға жыл соңына дейін уақыт берді. Бұған қоса,  EGov AI деп аталатын әмбебап жасанды интеллект-көмекшісін әзірлеу жүктелді. Ол қарапайым азаматтарға мемлекеттік қызмет түрлерін қолжетімді етіп, болашақта Халыққа қызмет көрсету орталықтарын алмастыруға арналған.

Назерке Тоқжан

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz