RU
Толық нұсқаға өту

Мүгедек жандар үшін жайлы орта қалыптастыру керек

10.02.2026, 21:12 286

Алматыда мүгедектігі бар жандар үшін инфрақұрылым қолжетімді ме?

Мамандар нысандарды тексеріп, паспорттау жұмысын жүргізді. Мұндай шара алғаш рет өтіп отыр. Нәтижесінде мемлекеттік және жекеменшік саладағы 34 мыңнан астам нысан паспортталды. Ғимараттар нақты критерийлер бойынша бағаланды. Нысандарға кіріп шығудың жеңілдігі, пандустар мен автотұрақтың бар-жоғы ескерілді. Жалпы 2030 жылға қарай нысандардың 75 пайызын мүгедектігі бар жандарға ыңғайлы ету жоспары бар. 

Шыңғыс Қарабаев, қоғамдық бірлестік директоры:

- Алматы қаласындағы қалалық инфрақұрылым обьектілерін қолжетімділігін бағалау жүргізілуде. Жалпы 34 мыңнан астам обьект паспортталды. Оның ішінде 733 мемлекеттік нысан, 21 мыңнан астам жеке нысан секторлары. 9500 көп пәтерлі тұрғын үйлер және 2700-ден астам, қоғамдық көлік аялдамалары паспорттаудан өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz