RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар аймақтар бақылауда

11.02.2026, 07:52 226

Қарағанды облысында 139 елді мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан. 

Осыған байланысты өңірде алдын алу шаралары күшейтіліп, жағдай бақылауға алынған. Қазір жеті аудан мен төрт қалада тасқын қаупі басым. Әсіресе Қарағанды, Теміртау, Саран қалалары мен Ақтау кентінің жекелеген аумақтарында қар тазалау, арықтарды аршу және су өткізу жүйелерін тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Өзен арналары, гидротехникалық нысандар мен су қоймалары бақылауда тұр. Қыста жауын-шашын аз болғанымен,күн күрт жылыса қауіп күшеюі мүмкін. 

Думан Дәлешов, ТЖД бастығының орынбасары:

- Іс-шара барысында 25 шақырымнан астам валдар нығайтылды. Одан басқа өзен арналарында 28 шақырымнан астам санациялау жұмыстары жүргізілді. 54 автомобиль жолдарында су өткізу қабілеті ұлғайтылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz