Қазақстанда 220-дан астам инфрақұрылым нысаны жаңғыртылып жатыр. Бұл жұмыстар «инфрақұрылым мен коммуналдық секторды жаңғыртудың» ұлттық жобасы аясында қолға алынған.
Жоба елдегі энергия көздерін, желілерді және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын жаңартудың негізгі бағытын айқындап берген.
Мәселен, 2025 жылы 267 нысанды жөндеуге өтінім түскен. Оның жартысынан астамы электр қуатымен қамтамасыз ету жобасы. Жылумен жабдықтауға қатыстысы – 54, сумен жабдықтау жобасы – 24. Сондай-ақ су бұру, сыртқы су құбырлары мен кәріз желілерін жаңғырту мақсатында 36 жоба қолға алыныпты. Бұл нысандардың дені Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Жетісу облыстарына тиесілі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #инфрақұрылым #ұлттық жобаларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz