Түссіз және иіссіз азот тотығын медицинада ғана қолдануға болады. Химиялық затты сатуға тыйым салынған.
Полицейлер жеке қоймалардың бірінен екі жүк цистернасы мен мыңнан астам құтыға құйылған газ тапты. Жедел тергеу барысында есірткі заты Ресей Федерациясынан заңсыз жеткізілгендігі анықталды. Күдікті ретінде Өзбекстан азаматты ұсталды. Қазір қылмыстық кодекстің 302 бабы, 2-тармағы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Берік Айсин, облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде «көңіл көтеретін газ» деген атаумен танымал болған азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу бөлігінде заңнамалық түзетулер күшіне енді. Күшті әсер ететін заттардың заңсыз әкелу, сақтау немесе өткізу әрекеттері шекарадан бастап, соңғы тұтынушыға дейін барлық кезеңде қатаң түрде жолы кесілетін болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ақтөбе #қылмыс #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz