RU
Толық нұсқаға өту

SWAT Challenge: Қазақстан жалпы командалық есепте топ жарды

12.02.2026, 08:00 287

Жауынгерлеріміз Дубайдағы SWAT Challenge жарысында жалпы командалық есепте топ жарды. “

Қазақстан - С” құрамасы сайыстың алғашқы күнінен бастап сәтті өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Ал “Қазақстан - А” командасы күміске қол созды.

SWAT CHALLENGE - 2026 тарих қойнауына кетті. Қазақстанның арнайы жасақ өкілдері әлемде теңдессіз екенін дәлелдеді. 5 күнге созылған тартысты додада  жауынгерлеріміз жылдамдық, дәлдік, тактикалық тұрғыда қарсыластарынан оқ бойы озып, бір қадам ілгері жүрді. Нәтижесінде “Қазақстан - С” құрамасы жалпы есепте 536 ұпай иеленіп, топ жарды. Екінші орынға 515 ұпаймен “Қазақстан - А”командасы жайғасты. Ал басты қарсыласымыз Қытай 493 ұпаймен үздік үштіктен көрінді.

Елдос Сартай, SWAT Challenge жарысының жеңімпазы

Ғабит Қабикенов, SWAT ChallengE жарысының жеңімпазы

Ал “Қазақстан - B” құрамасы 474 ұпаймен 8-ші орынға табан тіресе, “Қазақстан - Д” 412 ұпаймен үздік 20 елдің қатарынан көрінді. Сондай-ақ әйелдерден “Томирис” командасы  кейбір елдердің ерлерін артқа тастап, 412 ұпаймен 18-орынға жайғасты.

Құралай Қабырайқызы, “Томирис” командасының жауынгері

Мейірлан Ұлтанбаев, SWAT Challenge жарысының жеңімпазы

Осы орайда Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары әрі Ішкі Істер министрі жарыстың көркін қыздырған қазақстандық жауынгерлерге ерекше қолдау білдіріп, қатысқандары үшін алғыс айтты. Бұл жеңіс елдегі күштік құрылымдардың халықаралық аренадағы беделін арттырары сөзсіз. 

Мерей Қанапия, Берік Шарав

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz