Цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу экономикалық дамудың басты арқауына айналуы тиіс.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент заманауи технологияны тек көмекші қызмет ретінде қарастырмау керегін айтып ескертті. ЖИ негізінде цифрландырудың бірқатар міндеттерін орындау қажет. Бұл еңбек өнімділігін арттыру, экономиканың экспортқа бағдарланған секторларын қалыптастыру, қосылған құны жоғары өнім шығару және Қазақстанды жаһандық цифрлық экономика тізбегіне кіріктіру, - деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
- Жаңа инвестициялық кезеңді іске асыру еліміздің индустрия, энергетика, көлік салаларындағы заманауи жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жасанды интеллектіні дамыту, Бұл ұран емес, бұл экономикалық идеологияның негізгі тірегі, тіпті ұлттық идеологиямыздың мызғымас тұғыры болуға тиіс. Осындай жауапты сәтте дұрыс, батыл әрі тиімді шешімдерді дер кезінде қабылдау өте маңызды. Шынайы өмірге түк қатысы жоқ «құрғақ» ұсыныстар беру, қысқасы, нәтижесі жоқ іспен айналысу мүлдем болмауы қажет.
Тегтер #жасанды интеллект жылы #цифрландыру #жасанды интеллект #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz