Петропавлдық волонтерлер «Таза Қазақстан» акциясы аясында 500-ге жуық қарияға көмек көрсетті. Олар қаладағы жалғыз тұратын зейнеткерлерді жеке қамқорлыққа алып, үй шаруасына қолғабыс етеді.
Ауланы қалың қардан тазартып, отын-суын реттеп береді.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Жақсылық жүректен-жүрекке жетеді. Соңғы жылдары Петропавлда еріктілердің қатары артып келеді. Олардың көмегіне әсіресе жалғыз тұратын қариялар зәру.
Петропавл қаласының тұрғыны Вера Загородняя жиырма жылдан бері жалғыз тұрады. Міне, енді қарияның үйіне еріктілер келіп, ауласын тазартып берді. «Ауламдағы қалың қардан қауіптеніп жүр едім. Өйткені көктемде күн күрт жылынса, үйдің астына су кіруі мүмкін еді», - дейді зейнеткер.
Вера Загородняя, қала тұрғыны:
- Жас кезімде осының бәрін өзім істейтін едім. Қазір оған шамам жетпейді. Балаларға көп рақмет. Бір ауыз сөзімді жерге тастамай, алып-шып келді. Өркендері өссін.
Петропавлда жалғыз тұратын 400-ден аса қария бар. Олар жастар ресурстық орталығының жеке қамқорлығына алынған. Волонтерлер зейнеткерлерге барлық жағынан қолғабыс етеді.
Дамир Әбдін, қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры:
- Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында қарияларға көмектесіп қана қоймай, түрлі экологиялық – спорттық шаралар өтеді. Сонымен қатар саябақтарды абаттандырып, жас көшеттерді егеміз. Бұл жастарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 800-ге жуық экологиялық іс – шара ұйымдастырылды. Олардың бәрі қоршаған ортаны қорғап, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға арналған.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков
Тегтер #Петропавл #Таза Қазақстан #Еріктілер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz