RU
Толық нұсқаға өту

Референдумда 12 млн-нан астам адам дауыс беруге құқылы

12.02.2026, 21:09 255

Алдағы референдумда 12 млн 400 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Сол күні республика бойынша 10 413 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. 

60-тан аса шет мемлекетте 82 учаске құрылады. Бұл туралы бүгін орталық референдум комиссиясы отырысында айтылды. Бекітілген кестеге сәйкес 12 ақпан мен 14 наурыз түнгі 12-ге дейін дауыс беруге қатысты үгіт-насихат жүргізіледі. Алдын ала есеп бойынша, бұл саяси науқанға 20,8 млрд теңге қаржы жұмсалады деп жоспарланған.

Мұхтар Ерман, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Күнтізбелік жоспар бойынша жергілікті атқару органдары учаскелері туралы аумақтық референдум комиссияларының құрамдары және олардың мүдделері туралы ақпаратты референдум тағайындалған сәттен бастап 10 күннен кешікпей, яғни 21-ақпан кешікпей БАҚ-та жариялайды. Дауыс берушілердің тізімі бойынша жұмысты жергілікті атқару органдары бірден бастайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz