Қазақстанда жасанды интеллект саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Қазір елде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған реформалар, соның ішінде Жаңа Конституция жобасы да талқыға түсіп жатыр. Сарапшылар мұндай бастамалар ғылым мен білімнің сапасын арттырып, технологиялық әлеуетті күшейтуге мүмкіндік береді деп санайды. Ал жаңа өзгерістер мен цифрлық бастамаларға тұрғындар қалай қарайды?
- Ол дұрыс, білімсіз, ғылымсыз ештеңе болмайды.. Бізде қазір Президентіміз қолдап жатыр ғой искуственный интеллекті, мен қатты мәз болам Президентке. Біз номер один болу керекпіз. Біздің әлгі жас балаларымыз бастары қатты жұмыс істейтін балалар. Соны дұрыстап қазір қолданса, Президент қазір соны жүргізіп жатыр ғой. Қатты қолдаймын, сол жағын қатты қолдаймын Президенттің.
- Қаншалықты өзекті, өйткені қазіргі таңда былайша айтқанда әлемнің ең озық елдері дәл осы саланы қолдап жатыр, осы сала арқылы өте үлкен жетістікке жетіп жатыр. Сол нәрсені біз Қазақстанға енгізсек. Мысалы айтты ғой, осы жыл жасанды интеллект жылы. Жаңадан мысалы министрлік ашылды осы бойынша. Менің ойымша, негізі бұл өте дұрыс деп ойлаймын.
- Себебі ол өзіміз де қазір көріп жатырмыз ғой, жасанды интеллект де бүкіліне, видео жасайды, жұмыстарға да көп көңіл бөліп жатыр. Өзімізге ақпарат керек болған да, чат GPT-ді қолданамыз ғой, ондайға көңіл бөлген, білім-ғылымға көңіл бөлген, ол бұрыннан бері сондай болу керек деп есептеймін. Себебі біз өсеміз, дамимыз, Қазақстан бір орында тұрмай, алға қарай дамиды. Балалар да соған көңіл бөледі, ғылымға. Жасанды интеллекттің ешқандай зияны жоқ деп ойламын өз басым. Бізге зиянынан пайдасы көбірек деп ойлаймын.
Тегтер #жасанды интеллект жылы #қоғам #пікір #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz