Ұлытауда су басу қаупі бар 27 елді мекен анықталды. Онда үш мыңға жуық адам тұрады. Қазір аймақта көктемгі су тасқынына әзірлік жұмысы күшейтілді.
Арнайы штаб құрылды. Төтенше жағдайлар қызметі жергілікті атқарушы органмен бірлесіп арық-атыздарды тазалап, инертті материалдар мен техникалық құралдар қорын жасақтады. Аталған елді мекендерден 52 мың текше метр қар шығарылды. Биыл өңірде қар көлемі былтырғымен салыстырғанда анағұрлым аз. Ал жердегі тоңның қалыңдығы шамамен 1 метр.
Шыңғыс Сәмиев, ТЖД бастығының орынбасары:
- Синоптиктердің болжамы бойынша өңірде наурыздың соңына дейін күннің күрт жылынуы болмайды. Қар күндіз еріп, түнде қатады. Әрине, бұл босаңсуға негіз емес. Сондықтан тасқынға қарсы жұмыстар ретімен орындалады. Қазір өңірдегі ең үлкен Кеңгір су қоймасында 267 млн текше метр су бар. Оның сыйымдылығы 319 млн текше метр. Қар еріген кезде шамамен 50-60 млн текше метр су келеді деп болжап отырмыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ұлытау #су тасқыныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz