Орал қаласында «Әдемі-ай» ұлттық бұйымдар дүкені ашылды. Қазақ тарихымен үндесетін түрлі кәдесыйлардан бастап, ұлттық брендтік киімдер сататын сауда желісі батыс қазақстандықтар үшін есігін айқара ашты.
20 жылдан бері қазақы құндылықтарды дәріптеп келе жатқан дүкеннің еліміздің әр өңірінде 10-ға жуық нүктесі бар.
«Әдемі-ай» дүкенінің әр өнімі ел тарихынан, оның ұлттық мәдениетінен сыр шертеді. Оралдықтарға есігін айқара ашқан сауда нүктесінде кәдесыйлардан бастап, ұлттық киімге дейін бар. Әр бұйымды компанияның дизайнерлер тобы әзірлейді.
Әдемі Мұратқызы, «Әдемі-ай» компаниясының өкілі:
- Бұл бұйымдар эксклюзив болғандықтан «Әдемі-ай» брендінен ғана табылады. Біздің дизайнерлер командасы бұйымдарымызды нөлден бастап шығарады. 20 жыл бойы халық біздің бұйымдарымызды сүйсіне алады.
«Әдемі-ай» дүкені 20 жылдан бері халыққа ұлттық бұйымдарын ұсынып келеді. Сондай-ақ елдегі ауқымды іс-шараларға да демеушілік көрсетеді.
Баһаргүл Төлеген, «Әдемі-ай» компаниясының негізін қалаушы:
- «Әдемі-ай» компаниясы 20 жылдан бері қазақ халқының бай мұрасынан сыр шертетін көптеген кәдесый бұйымдарын шығарып, халыққа ұсынып келе жатыр. Біздің «Әдемі-ай» компаниясы Қазақстанда өткен үлкен елеулі іс-шаралардың серіктесі болған.
Қала тұрғындары бұған дейін «Әдемі-ай» компаниясының өнімдерін алу үшін өзге өңірлерге тапсырыс берсе, енді ұлттық нақыштағы дүниелерді облыс орталығынан таба алады.
София Ізмұхамбетова, қала тұрғыны:
- «Әдемі-айдың» тағы бір дүкені бізге көктемнің қарсаңында жақсы бір көңіл күй сыйлайды. Ұлтқа деген, ұлттық құндылықтарға деген біздің бір құштарлығымызды оятады деп ойлаймын.
«Әдемі-ай» дүкені «Атриум» сауда орталығында орналасқан. Дүкенде ересектерге ғана емес, балаларға арналған бұйымдар да сатылады.
Авторлары: Асланбек Шығыр, Болат Жарылғасов, Эльдар Аюпов
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #әдеміай компаниясы #бренд #әшекей #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz