RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда кванттық технологиялар орталығы ашылды  

15.02.2026, 18:37 293

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығы ашылды.

Негізгі мақсаты кванттық технологияларды дамытуға арналған халықаралық деңгейдегі ғылыми білім беру және технологиялық тұғырнама қалыптастыру. Сонымен қатар жоғары білікті мамандарды даярлап, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді шетелдік серіктестермен бірлесіп жүргізу. Салтанатты іс-шараға университет басшылығы, отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты. 

Медеу Әбішов, Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығы директоры:

- Кванттық технологиялар орталығы – бұл ең бірінші, халықаралық ынтымақтастың негізінде, ең алдыңғы қатарлы, дүниежүзінде болашақты анықтайтын кванттық технологиялар бағыты. Осы негізде қаланып отыр. Кванттық эраның басталуына сәйкес біз дер кезінде соған кіруіміз қажет. Әйтпесе біз қалып кетеміз.

Александр Чжан, ASTRASEC PTE. LTD директорлар кеңесінің төрағасы:

- Осы орталықты ашудағы негізгі мақсатымыз – екі ел арасындағы ғылыми байланысты дамыту. Оның ішінде әлбетте технологияларды дамыту. Жаңа технологиялармен бөлісу арқылы жаңа зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Жұмыстардың нәтижесі әлемде бейбітшілікті ту етуге, жалпы қоғамда тұрақтылық орнатуға бағытталған. Осындай жоғары оқу орнында кванттық технологиялар орталығын ашу біз үшін үлкен құрмет және мәртебе.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz